“Кітап менің өмірімде” атты жылдың үздік оқырман байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы жыл қортындысы бойынша жыл ішінде атқарылған жұмыстарға белсене атсалысқан оқырмандарды анықтады.

Нәтижесінде: «Ең үздік оқырман» — Бөкеев Асылбек, «Ең білгір оқырман» -Құттыбаев Шорахан, «Ең креативті оқырман» — Жұматаев Алмат, «Ең ізденпаз оқырман» — Али Аянұр, «Ең интелекті оқырман» — Мукамбетов Еркін, «Ең зерек оқырман» — Ахмедова Лора, «Үздік ардагер оқырман» — Одиак Людмила Николаевна номенациялары бойынша Алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарды иеленді.

Бұл марапатқа кітапхана тарапынан ұйымдастырылып жатқан барлық іс-шараларда көрініп, атсалысып жүрген және кітапты жыл бойы көптеп оқып жүрген оқырмандар ұсынылды.