КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «АҚАН ҚАСЫМОВ: ҚОЛЖЕТІМДІ ОҚУ ДӘУІРІНІҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

️Нүктелі-бедерлі қазақ шрифтінің авторы, өз өмірін жазу жүйесін құру мен дамытуға арнаған ағартушы, композитор Ақан Қасымовтың 95 жылдығына орай Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақан Қасымов: қолжетімді оқу дәуірінің 95 жылдығы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Қолжетімділік: оқуда және коммуникацияда зағиптар үшін нүктелі – бедерлі қазақ шрифтін қолдану» атты тақырыпта баяндама жасады.

️Аталған пленарлық отырыста өзге де облыстардың (Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Жетісу,) арнайы кітапхана қызметкерлері қатысып, Ақан Қасымовтың өнегелі өмірі және осы саладағы жеткен жетістіктерді қарастырылып, қаріпті одан әрі жетілдіру және оны білім беру мен оқу үшін пайдалану жолдары талқыланды. Сонымен қатар, зағип балаларды Брайль қарпінде оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістері, инклюзивті білім беру, психологиялық қолдау және әлеуметтік бейімделу турасында құнды ұсыныстар мен тәжірибелер жасалды.