КІТАПХАНА ҰЖЫМЫ «JAMBYL» РАДИОСЫНДА

Бүгін Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының «Ақпараттық- библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің» әдіскері Қырықбаева Гүлзада Таласбайқызы «JAMBYL» радиосының «Айтарым бар!» бағдарламасында қонақта болып, «Наурыз» мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар бойынша сұхбат берді.

️Сондай-ақ, арнайы кітапханаға зағип және көзі нашар көретін оқырмандарды тарту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен «Инклюзия және театр» Жобасына қатысып жатқан «Болашақ» мектеп интернатының оқушылары турасында баяндап берді. Шалғай елді мекенде тұрып жатқан зағип оқырмандардың да бүгінгі күнгі тыныс-тіршілігіне қысқаша тоқталды.