Кітапхана қызметкері Абдуалиева Камила «Ұлы дала абызы» поэзия марафонына қатысып, I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлы дала абызы» поэзия марафоны өтті.
21 қатысушының арасынан суырылып шығып, жырды ерекше нақышпен орындаған Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының кітапханашысы Абдуалиева Камилла Уалиханқызы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Марапатты басқарма басшысы Е. Жүнісбай табыстады.                                                                                                                                                                Бұл жетістік – талап пен табандылықтың, өнерге деген шынайы сүйіспеншіліктің жемісі. Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!