КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Наурызнаманы мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, қадірін арттыру аса маңызды. 15 наурыз — Қайырымдылық күніне орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы кітапхананың тұрақты оқырманы Ақпаев Нұрсұлтанның отбасына қызының отасына көмек ретінде рухани қолдау көрсетіп, көңілдерін серпілтіп, жылы сөзбен жігерлендіріп, мерекелік көңіл — күй сыйлап, қайырымдылық көмегін көрсетіп қайтты.