КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КІТАПХАНАЛЫҚ КОНВЕНТКЕ ҚАТЫСТЫ

Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Жуалы ауданында “Кітапханалардың тиімділігін талдау: іске асырылған жоспарлардан жаңа идеяларға дейін” кітапханалық конвент өтті.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының маманы Айбала Қанатбекқызының өңірлік қызметкерлер арасында форсат сессия сы бойынша тәжірибе алмасу жұмыстарымен бөлісті. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының әдіскері Гүлзада Таласбайқызы әдістемелік жұмысқа белсене қатысып, кітапханаға оқырман тарту бойынша өз ойымен бөлісті.