КІТАПХАНА «МҰРАЖАЙ ИНКЛЮЗИЯСЫ: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ БЕЙІМДЕУ» ТАҚЫРЫБЫМЕН СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

🔷2023 жылдың 17 ақпан күні «Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Тифло-музей» жобасы аясында «Мұражай инклюзиясы: мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу» тақырыбымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ұйымдастыруымен өткен «Мұражай педагогикасы әдістемесі бойынша эстондық білім беру философиясы» атты облыстық белсенді семинарға қатысты. Бұл семинар Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтті.
🔷Заман талабына сай кітапхана 13 жобаны іске қосып, жұмыс жасап жатыр. Бұл жобалар мүмкіндігі шектеулі немесе психикалық ерекшеліктері бар адамдардың қоғамның белсенді өміріне атсалысуына, өздерін қоғам мүшесі ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Яғни, инклюзиялық қызмет атқарады.
🔷Семинарда Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің» біріккен «Тифло-музей» жобасының жүзеге асырылуы мен жаңашылдығы турасында баяндама жасалды. Бүгінде бұл жоба бойынша «Қазақ соқырлар қоғамы», «Болашақ» мектеп-интернатының жоғары сынып оқушылары музейге барып, экспонаттармен танысуда. Алдағы уақытта музейден арнайы бұрыш ашылып, оқырман, келушілер жәдігерлерді тек көріп, сыйпап қана қоймайды олар QR –код арқылы ақпараратты тыңдауға мүмкіндік алатын болады.