«Кітапхана TV» жобасының кезекті шығарылымы

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру мақсатында жергілікті жазушы Кәрім Баялиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Кітапхана TV» жобасының кезекті шығарылымы «Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбында сұхбат өтті. Сұхбат қонағы – М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің доценті Темірбай Мұқашев Әліұлы.
Сұхбат барысында Темірбай Әліұлы Кәрім Баялиевтің өмір жолымен, шығармашылығымен толық таныстырып, жазушымен бірге жүрген кездегі естеліктерімен бөлісті. «Ар жазасы» кітабына тоқталып, кейіпкерлер бейнесін аша білді.
Сөз соңында «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» — деген ой айтып, барша қоғамды кітап оқуға шақырды.