КОЛЛЕДЖ БІЛІМГЕРЛЕРІ КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасына «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің «Бастауыш білім педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер экскурсияға келді.

Экскурсия барысында қатысушылар кітапхана құрылымымен, жалпы атқарылып жатқан жұмыстармен, ерекше форматтағы кітап қорымен және инклюзия бағытында жүзеге асырылып жатқан арнаулы жобалармен танысты.

Шара соңында студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.