«МӘДЕНИЕТ-ӨНЕР» АТТЫ АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ ӨТТІ

🔹️Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы оқушыларға аты аңызға айналған Кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сұлтан-Ахмет Қоңырқожаұлы Қожықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Мәдениет-өнер» атты ақпараттық сағат №10 мектеп оқушыларымен өткізілді.
🔹️Ақпараттық сағат барысында қазақ кино өнерінің төлқұжатына айналған «Қыз Жібек» кинофильмінің режиссері болғандығы тағы басқа туындылары, шығармалары тереңінен баяндалды.
🔹️Ақпараттық сағат соңында «Сұлтанахмет» атты бейнеролик көрсетіліп, «Талантты дарын-Сұлтанахмет» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу жасалды.