МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ БЕНЕФИС КЕШІ ӨТТІ

       Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай оқырмандарға жергілікті өңірдегі мәдениет қайраткерлерімен таныстыру мақсатында «Мәдениет – халықтың үлкен азығы» атты бенефис кешін өткізді.
        Кездесу кештің құрметті қонағы болып Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Жамбыл» телеарнасында 20 жыл еңбек еткен, кино, театр сахнасында өзіндік із қалдырған – Сейілхан Асқарбек Ақылшаұлы мен шәкірттері Азамат Тұраров пен Айгерім Сәбитқызы қатысып, «Болашақ» мектеп-интернатының оқушыларымен жүздесті.
        «Актерға 100 сұрақ» айдарында оқушылар тарапынан әртістерге сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Кеш қонақтары қызықты сұрақ қойған оқушыларға арнайы сыйлықтарын табыстап, өнерге құштар жандарға мотивациялық кеңес беріп, қолдау көрсетті.