МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЙЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕЛИЗ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің оқушыларына көрнекті ағартушы, демократ,тарихшы, публицист Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Ғылым аспанының жұлдызы» тақырыбында ақпараттық релиз өткізді.

Шара барысында Қазақстан мәдениетіңнің ұлы тұлғасы Шохан Уәлихановтың өмір жолы туралы видео ақпарат көрсетіліп, қосымша жан жақты мағлұматтар берілді. Сонымен қатар кітапхана сөресіндегі Шоқан Уәлиханов туралы оқулықтар оқырмандар назарына ұсынылып, қолға алып оқуға шақыртылды.