Оқырмандармен рәміздер күні аталып өтті

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелерімен «Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышы» атты патриоттық сағат өтті.
Патриоттық сағат барысында Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалып, «Жаңа Қазақстанның рәміздері» атты бейне ролик көрсетіліп, Елтаңба, Ту, Әнұран туралы деректер айтылып, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктеме берілді. Бұл сағаттың негізгі мақсаты отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, еліміздің тарихын білуге бағыттау болып табылады.
Сағат соңында кітапханаға келіп түскен әдебиеттермен «Рәміздер-тәуелсіздік тұмары» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, нәтижесінде өзара ой-пікірлерімен бөлісіп, кітапхана ұжымына өз алғыстарын жеткізді.