ОҚЫРМАНДАРҒА ЖАҢА ЖОБА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы тағы бір жоба әзірлеп, тұсау кесер рәсімін өткізді. Жаңа жоба «Жүрек жарды алаңы» деп аталады. Аталған жоба Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы және «Қазақ Соқырлар Қоғамы» Жамбыл облыстық филиалымен тығыз қарым-қатынас жасауға, тағдырлас азаматтармен сұқбаттасып, сыр шертіп, өмірі мен өнерімен жақын танысуға, оқырмандардың бос уақытын тиімді өткізуіне, қоғамға бейімдеуге және кітап оқуға баулу мақсатында жүзеге асырылмақ.
Алғашқы тұсау кесер рәсімінің кейіпкерлері «Қазақ Соқырлар Қоғамы» Жамбыл облыстық филиалының мүшелері Исаев Бахтияр, Джамаева Алмаш ханым болды.
Олар дүйім халық алдына шығып өз тағдыры турасында баяндап, толғандырып жүрген немесе ойындағы бар сырымен бөлісті, жүрек жарасын ашып, ғұмыр жолындағы қызықты сәттерін еске түсірді.
Сонымен қатар, «Қазақ Соқырлар Қоғамы» Жамбыл облыстық филиалының мүшелері Есимов Ғалымжан «Қазақпын» әнін орындаса, Алтынай Сенбекова, Асылбек Бокеев махаббат пен тағдыр жайында әндерді шырқады. Ал, Мукамбетов Еркін «Вальс» әнін орындағада барлық көрермен би билеп тамаша көңіл-күймен тарқасты.