ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ АРНАЙЫ ЖАСАҚТАЛҒАН КӨРМЕМЕН ТАНЫСТЫ
Жамбыл облыстық Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, әдебиет сүйер қауым үшін рухани әрі мәдени маңызы зор «Кітап ұлттық құндылық» тақырыбында Aulieata book республикалық кітап фестивалін өткізді. Аталған шараға қала тұрғындары, жергілікті ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысып, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының «Саусақ ұшындағы терең терген қазынам» кітап көрмесімен танысты.
Арнайы жасақталған көрмеге макеттер, тактильді кітаптармен “Инклюзивті 4 форматтық кітаптар” мен қатар Жеңіс күніне орай суреттер мен хаттар қойылды. Сонымен қатар, Брайль қарпіндегі кітаптармен, арнайы дыбыстандырылған QR кодтар қойылды.
Фестивалге келген қонақтар көрмемен танысып, кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.