ӨМІРГЕ ҚҰШТАР ЖАНДАР

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанның Паралимпиада құрамасының капитаны, әлем бойынша бірнеше халықаралық рейтингтен үздік жүзушілер қатарына енген, паралимпиада ойындарының чемпионы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Зульфия Габидуллина Раухатқызымен «Өмірге құштар жандар» атты онлайн кездесу өтті.
Іс-шарада Зульфия Габидуллина спорттағы шыңдалу жолдарын, балалық шағында гиперактивті қыз болғандығын, жеткен жетістіктігінің оңайшылықпен келмегендігін, жол апатынан кейін спортпен айналысқанын және де спорт құрамында жүргеніне 25 жыл болғанын, отбасылық жағдайы жайлы, түрлі спортпен шұғылданғанын, бос уақытында үнемі мотивациялық күш беретін тарихи және психологиялық аудио кітаптардың өз өмірі мен биік шыңдардан көрінуінің көмекшісі екенін айта келе, Мексикада өткен жүзуден паралимпиадалық чемпионаттың әлем чемпионы болар алдындағы қызықты да, қорынышты күйге бөленген сәттерімен бөлісті.
Кездеесуден оқырмандар жақсы бір серпіліс пен өмірге құштарлық алған әсерін білдіріп, спортшыға алдағы Олимпиядаданда тек жетістікпен оралуын тіледі.
  Возможно, это изображение (один или несколько человек и в помещении)  Возможно, это изображение (1 человек, экран и текст «REANITRON ജಕಕಗൾ QV совет эмоций как победа чита прим слава волнения советкак»)