ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ОҚУШЫЛАРҒА КИНО КӨРСЕТІЛДІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Шексіз кино әлемі» жоба аясында № 2 «Болашақ» мектеп-интернатында отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Ерекше отбасы» атты қысқаметражды фильмі көрсетілді.

Тифлокиноға интернаттың 20 оқушысы аса қатысты. Кино барысында кітапханашы балаларға тифлопікірін айттып, оқушылар қызығушылықпен тыңдап, кино туралы өз пікірлерін білдірді.

Тифлокиноның соңында кітап қорынан балаларға арналған нүктелі – бедерлі қаріпінде әдебиеттер мен дыбыстандырылған кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.