«СӨЗ ОНЕРІНІҢ ЗЕРГЕРІ» АТТЫ ОҚУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

️Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Сөз өнерінің зергері» атты оқу конференциясы өткізілді. Шараның басты мақсаты өскелең ұрпаққа жазушының өмірін,шығармаларын, шежіресін, болжамдарын, терең таныстыру және насихаттау.

️Жиын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірінен үзінді ретінде көрініспен басталып,өмірбаянына қысқаша шолу ретінде бейнероликпен жалғасын тапты. Конференцияда Төле би атындағы № 8 мектеп гимназиясы (Гүлбайра Датқабекқызы), С.Нұрмағанбетов атындағы № 10 орта мектебінің (Абитова Мереке, Маханбетқұлова Айгүл) атты ұстаздары,«Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы», «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Заман болжауы» және «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының –шежіресі» атты баяндамаларын оқыса, С.Нұрмағанбетов атындағы № 10 орта мектебінің 8 «ә» сынып оқушысы Айтжанова Ақнұр «Мәшһүр ата шығармаларындағы Олжабай батыр бейнесі» атты зерттеуін оқырман назарына ұсынды.

️Сондай-ақ, «Дарынды балаларға арналған ІТ лицей интернатының» 7 «А» сынып оқушылары Омаралы Үміт,Мұхаммед Дінислам Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Қара өлеңі» мен«Хал-ахуал» өлеңдерін жатқа оқыса, кітапханамыздың тұрақты зағип оқырманы Сарсенбаев Арыстанбек Қанапияұлы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмір тарихын терең зерттегені жайлы айтып, А.Макаренко атындағы орта мектебінің ұстазы Жұмабекқызы Салтанатқа қорытынды сөз берілді.

️Шара соңында кітапханамыздың қызметкері Төлебаева Айзада «Ғұлама тұлға » атты кітап инстоляциялық көрмесіне библиографиялық шолу жасап, жиынға келген қонақтар, оқырмандар кітапхана ұжымына үлкен алғыс білдірді.