ШЕКСІЗ КИНО ӘЛЕМІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Шексіз кино әлемі» тифлокино жобасы аясында «Болашақ» мектеп интернатында жүзуден Қазақстан Республикасының Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанның Паралимпиада құрамасының капитаны Зульфия Габидуллина жайлы түсірілген деректі фильмді оқушылар назарына ұсынды.
Тифлокиноның соңында кітапхана қорындағы спорттық және мотивациялық кітаптарға библиографиялық шолу өтті.