«СЫРЛЫ САЗДЫҢ САРДАРЫ-ІЛИЯ ЖАҚАНОВ» КАРАОКЕ КЕШІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен композитор Ілия Жақановтың шығармашылығын насихаттау, қазақ ән өнерінің құндылығын оқырмандарға таныту, ұлттық өнерге құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында  Ілия Жақановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Сырлы саздың сардары-Ілия Жақанов»  тақырыбында караоке кеші өтті.                                                                                                                                                                                                          Шара барысында қазақ өнері мен мәдениетіне орасан зор үлес қосқан көрнекті тұлға туралы арнайы бейнебаян көрсетілді. Сондай-ақ, «Әселім» әні жасанды интеллект көмегімен ерекше форматта ұсынылып, зағип жандардың жүрегінен орын тапты. Кеште ұлттық музыка мен әдебиеттің алтын қорына енген «Еділ мен Жайық», «Нені ойладың», «Балқан таудың баурайында», «Теміртаудың түні» сияқты әсерлі әндер шырқалды. Бұл туындыларды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаев орындап, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.