ТӘУЕЛСІЗДІК-ТЫНЫСЫҢ, БҮГІНГІ ДӘУЛЕТІҢ, ЕРТЕҢГІ ЫРЫСЫҢ

Оқырмандарға Қазақстан Республикасының Тәуелсіз өткені мен болашағының даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, жас буынды ұлжандылыққа, ұлтын сүюге, өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауды насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы №2 «Болашақ» мектеп-интернаты оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік-тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырды.
Кеш Қазақстан Республикасының ән ұранымен басталып, Тәуелсіздігіміздің тарих беттеріне шолу ретінде бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, «Театр және инклюзия» жобасы бойынша «Тәуелсіздік жолындағы ер қыздар» атты қойылым көрсетіліп, «Мен қазақтың ұлымын», «Батырлар ұраны» атты әндер шырқалды. Сергіту сәті ретінде оқырмандарға Тәуелсіздік күні жайлы викториналық сұрақтар берілді.
Кеш соңында оқырмандар «Жасай бер Қазақ» атты көрініс қойып, «Тәуелсіздік тұғырым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.
Возможно, это изображение 11 человек и текст  Возможно, это изображение 1 человек и текст  Возможно, это изображение 12 человек  Возможно, это изображение 14 человек  Возможно, это изображение 6 человек и текст  Возможно, это изображение 1 человек Возможно, это изображение 10 человек, ребенок и люди танцуют