Т.Рысқұлов аудандық тарихи-өлкетану музейінен Тифлоэкспозициялық бұрыш ашылды

Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Тифломузей жобасы аясында Т.Рысқұлов аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін» атты зағип азаматтарға арналған экспозициялық бұрыш ашылды.
Экспозицияға ежелгі тас дәуірі, орта ғасырлық және совет үкіметі кезеңінен сыр шертетін жәдігерлер қойылды. Зағип жандарға арналған экспозициялық жәдігерлерге заманауй үлгідегі QR–код қойылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар смартфонды жәдігердің кодын енгізу арқылы музейдегі көне жәдігерлермен қолмен сипап, құлақпен есту арқылы таныса алады. Сол арқылы зағип азаматтар орта ғасылық тарихқа саяхат жасауға мүмкіндік алды.
Көрменің салтанатты ашылуынан соң, көрме қонақтары музей тарихымен танысты.
Шара барысында аудандық зағип азаматтар атынан ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.