«ТАКТИЛЬДІ КІТАП ЖАСАУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Ақтөбе облысының әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасының Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастырумен 2023 жылдың қазан айында өтетін «Ерекше кітаптар әлемі» жобасы аясында «Тактильді кітап жасау жолдары» тақырыбында облыстық семинарға Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында семинар өтті.
Аталған семинарға аймақтың Жамбыл, Тұрар Рысқұлов, Сарысу, Жуалы, Меркі аудандарының ауылдық кітапхана мамандары және  «Тараз сервис және технология колледжінің» студенті Н. Оспан жетекшісі М.Айдарқұлов қатысты.
Семинар барысында тактильді кітаптар жасау жолдары, ондағы негізгі ұғымдар мен бедерлі суреттердің анық салынуы туралы мағлұмат берілді. Семинарға қатысушылар тактильді кітаптар бойынша сұрақтар қойып, жұмыс барысында кездесетін қиындықтарымен бөлісті. Семинарда «Кітап қорын өңдеу, жинақтау, автоматтандыру және каталогтарды ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі Сейтбаева Гүлнар «Ерекше балаларға ерекше кітап» жобасы бойынша ақпарат беріп, көрмемен таныстырды.