«ТИФЛО-АСХАНА» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен “Болашақ” арнайы мектеп-интернатында көру қабілеті әлсіз жандарды кедергісіз әлеуметтік ортаға тарту, аспаздық дағдыларды үйретуге, асханада ас әзірлеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағытталған «Тiflo-Асхана» жобасы өтті.
Жобаның кезекті шығарылымына арнайы кітапхананың тұрақты оқырманы Ахмедова Лора қатысып, өте дәмді, құрамы дәруменге бай, тез дайындалатын, дастарханның сәні болатын «Әдемі» салатын жасады.
Салат дайындау барысында еркін әңгіме жүргізіп, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға асханада ас даярлауда ескеретін қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Лора мотивациялық кеңестерге бай әдебиеттерді тыңдайтынын айтып, алға қойған мақсаттары мен жоспарларымен бөлісті.
Іс-шара соңында жоба жетекшісі қатысушы оқушыларды алдағы уақытта пайдалы тағам түрлерін жасап үйренуге шақырып, жоба қонағына алғысын білдірді.