“TIFLO-АСХАНА” ЖОБАСЫНДА “ЖЕНТ” ӘЗІРЛЕНДІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Анаға тағзым» орталығындағы «Береке» аспаздық студиясында мүмкіндігі шектеулі жандарды кедергісіз әлеуметтік ортаға тарту, зағип жандарды ас үйде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу, түрлі тағам түрлерін жасауды үйрету мақсатында «Тiflo-Асхана» жобасын өткізді. Кезекті шығарылымға «Қазақ соқырлар қоғамының» инструктор- реабилитолог маманы және қоғам мүшесі, аяулы ана Джамаева Алмаш ханым қатысты. Жент жасау барысында қатысушы ұлттық тағамның жасалу тәсілі мен құпиясымен бөлісіп, «Береке» аспаздық студиясындағы аспаздық қысқа мерзімді оқыту курсын үйренуші қыз-келіншектерге қажетті қоспаларымен таныстырып, түрлі жасалу жолдарын үйретті.
Сондай-ақ, көзі әлсіз көретін жандарға мотивациялық кеңес беріп, өмірде тек алға басу керектігін жеткізді.
Іс-шара соңында кітапханашы жобаға қатысушыға арнайы сыйлығын табыстап, мықты денсаулық, мол табыс тіледі.