«TIFLO-МУЗЕЙ» БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА АШЫЛДЫ

       Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!» атты «Тифло-музей» жобасы аясында Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінде құнды тарихи жәдігерлерден жасақталған тұрақты бұрыш ашылды.
      Жоба аясында зағип азаматтар замануи үлгідегі QR-код қойылған экспозицияны смартфонға жәдігердің кодын енгізу арқылы тарихи көне жәдігерлерді қолмен ұстап сезіне білді. Бүгінгі күні көрмеге 20 дан астам этнографиялық жәдігерлерге QR-код қойылды. Келесі кезекте тас дәуірі және қазіргі заман тарихына дейінгі жәдігерлеріне де QR-код қойылып зағип оқырмандарға ұсынылмақ.
        Сондай-ақ, аталған көрмеге аудандық зағиптар қоғамдық бірлестігі мүшелері мен кітапхана мамандары және музей қонақтары қатысты. «Тифло-музей» жобасы аясында зағип жандарға арналған тұрақты бұрышты ашуға Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Артық Нариманұлы мен Байзақ аудандык соқырлар қоғамының төрағасы Еркін Жалғасұлы салтанатты түрде ашып, өздерінің тілектерін жеткізіп, кітапхана оқырмандары мен қонақтарға, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.