«TIFLO-МУЗЕЙ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Ұлы актер ҚР Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Республикасының халық әртісі, КСРО және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының иегері, дарабоз актер және режиссер Асанәлі Әшімовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жазушылық қырына шолу жасау мақсатында «Тифло-Музей» жобасы аясында, Асанәлі Әшімұлының шығармашылық орталығында « №10 орта мектеп» оқушыларына экскурсия жасалды.

Экскурсия барысында Асанәлі Әшімұлы жайлы баспа бетінде жарық көрген мақалалар мен фотосуреттер басылған газет – журналдар, афишалар, қойын дәптерлері және де Асанәлі ағамыздың әдеби шығармашылығына байланысты-қаламынан туған біраз кітаптар топтамасы, жеке кітаптары, кинотаспалар, витринаға қойылған дискілері мен жеке кабинеті таныстырылды.

Экскурсия соңында оқушылар арнайы Тілек журналына Асанәлі Әшімовке сомдаған рөлдеріне алғысын айтып, тілектерін жазды және естелік суретке түсті.