«УЛЫ ГАЗБЕН УЛАНУ БЕЛГІЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ САҒАТЫ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен зағип оқушыларды төтенше жағдайлардағы оттың, улы газдың тілсіз жау екенін ұқтыру, сондай-ақ өрттен, улы газдардан сақтану жолдарын үйрету мақсатында «Қауіпсіздікті сақтайық!» жобасы аясында «Улы газбен улану белгілері» тақырыбында түсіндірме сағаты №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларына өтті.

Шара барысында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығының» қабылдау бөлімінің бас дәрігері Дегенова Жұлдыз Сарсебайқызы баяндама оқып, түсіндірме сабағы жүргізілді.

Шара соңында оқушыларға газдан уланудың басты ережелері туралы кеңінен насихатталып, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шаралары турасында сұрақтар қойылды.