ЗАҒИП АЗАМАТТАРҒА ЖҮН БҰЙЫМДАРЫНАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Халықаралық «Ақ таяқ» айлығы аясында «Жандүние үйлесімі» атты тақырыпта Жамбыл облысы қолөнер шеберлері одағының мүшесі, суретші, қолөнерші Сапаралиева Рахат Хайроллақызы кітапхананың тұрақты және зағип оқырмандарына жүннен шеберлік сағатын өткізді.

Шеберлік сағатында жүннен бас киім жасау үлгісі көрсетілді. Оқырмандар тарапынан қызығушылықтары жоғары деңгейде болып, шебермен бірлесіп екі бас киім жасалды. Ақ таяқ иелері бұл іс-шараға ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды.

Шара барысында Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Бекетаева «Айгерім Қазақтың қолөнері» тақырыбында “Зергерлік өнер әлемі”, “Қазақ өнері “энциклопедиясы», Өмірзақ Шанов “Ұлы дала жаңғырығы”, Бахаргүл Төлеген. “Ұлт Жауһарлары” атты кітаптарға библиографиялық шолу жасады.

Мақсаты- ұлттық сананы жаңғырту, атадан балаға жалғасқан қолөнерді дамыту, мұрасын жалғастыру. Зағип азаматтарды қоғамнан шет қалдырмай қолөнерден икемі бар апа-әжелер мен қыздарымызды шеберлікке баулу, қол моторикасын дамыту болып табылады.