ЗАҒИП АЗАМАТТАР ПСИХОЛОГПЕН КЕЗДЕСТІ

«KENES TIME» жобасы аясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығының бас маманы Үсенова Сандуғаш Мейрамбекқызымен «Күйзеліске жол жоқ!» тақырыбында кездесу ұйымдастырып, бүгінгі күнде белең алып тұрған күйзеліс дертінің алдын алу жолдары туралы ауқымды мәселе қозғады.
Жобаның негізгі мақсаты: Зағип жандардың қоғамнан тыс қалмай, уақыттарын тиімді пайдалана отырып қоғамның дертіне айналған күйзелістік жағдайлардан жанға жара түсірмей шығу жолдарын түсіндіру . Кездесу барысында психологиялық тренингтер өткізіліп, оқырмандарға көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Сонымен қатар рухани төзімділікке шақырып, жүйке жүйесінің құлдырауының жетегінде кетпеуі үшін, көптеген мотивациялық дәрістер берілді.