ЗАҒИП ОҚУШЫЛАРҒА ТИФЛО-КИНО КӨРСЕТІЛДІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық ортаға бейімдеу, өзін-өзі дамытуы мен кітап оқуға баулу және зағип оқушыларға арналған тифлопікірі бар киноларға қолжетімділікті арттыру мақсатында «Тифлокино» жобасы аясында «Шексіз кино әлемі» атты «Алдар көсе хикаялары» мультфильмі № 2 «Болашақ» мектеп-интернатында көрсетілді.
Мультфильм барысында кітапханашы балаларға тифлопікірін айтып, оқушылар қызығушылықпен тыңдап, мультфильм туралы өз пікірлерін білдірді.