ЗАҒИП ОҚУШЫЛАРҒА «ТИФЛОКИНО» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «АҚСАҚ ҚҰЛАН» МУЛЬТФИЛІМІ КӨРСЕТІЛДІ
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды өзін-өзі дамытуға, кітап оқуға баулу және зағип оқушыларға арналған тифлопікірі бар киноларға қолжетімділікті арттыру мақсатында «Тифлокино» жобасы аясында «Шексіз кино әлемі» атты «Ақсақ құлан» мультфильмі № 2 «Болашақ» мектеп-интернатында көрсетілді.
Мультфильм барысында кітапханашы балаларға тифлопікірі мен мультфилімнің тереңірек тарихын айтып, оқушыларды қызығушылықпен тыңдатып, мультфильм туралы өздерінің ой-пікірлерін білдіріп, кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.

