ЗАҒИП ЖӘНЕ КӨЗІ НАШАР КӨРЕТІН ЖАНДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР –ТРЕНИНГ ӨТТІ

       Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы облыс мектептерінің мұғалімдеріне «Ерекше жандармен қарым-қатынас» атты практикалық семинар –тренинг өтті.
         Семинардың мақсаты көру қабілеті бұзылған адамдардың түрлі заттармен түсті ажырату, қабілетін қалыптастыру және кеңістікте қалай еркін жүруге, нені істеуге болады, нені білулері тиіс – деген сұрақтарға жауап беріп, тәжірибе жүзінде көрсету болып табылады.
      Іс-шарада арнайы кітапхана қызметкерлері «Зағип адамдар үшін – кеңістікті бағдарлау ең өткір мәселелердің бірі», «Зағип оқырмандармен қарым – қатынас», «Зағип адамға түсті сипаттау» тақырыптары бойынша баяндама жасап, тәжирбие жүзінде көрсетсе, ал №32 орта мектебі Инклюзияны қолдау кабинетінің психолог маманы Жұмақадыр Эльзира Болатжанқызы «Жаныңда жүр жақсы адам» атты психологиялық және тәжірибелік тренинг-ойындарын жүргізді.