”ЗАҒИП ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕР” ҮЙІРМЕСІ ЖАЛҒАСУДА
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында зағип жандардарға ақпараттық технологияларға қолжетімділікті жеңілдету, еркін меңгерту мақсатында «Зағип және компьютер» үйірмесі аясында сабақ жүргізілді. Сабақты үйірме жетекшісі І топ көз мүгедегі Бегимов Ербол Акқайұлы зағиптарға арналған «НВДА» бағдарламасымен өткізді.
Үйірмеге кітапхананың тұрақты оқырманы Сабырова Жанерке Қайратқызы қатысып, компьютер және сенсорлық телефондарда еркін жұмыс істеу әдісі бойынша дәріс алды.

