Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасына «Депортация» кітабы сыйға берілді.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 31-мамыр – қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қасіретті күндер» тақырыбында өскелең ұрпаққа тарихқа толы күннің маңызын түсіндіру мақсатында №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатында өткізілген дөңгелек үстел барысында, Мемлекеттік Тараз қалалық архивінің директоры, Жамбыл облыстық «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі» мемлекеттік комиссия мүшесі Серікбаев Нұрхат Тірібосынұлы, өзінің авторлық «Депортация» атты кітабын сыйға тартты.