ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КӨЗІ КӨРМЕЙТІН ЖӘНЕ ӘЛСІЗ КӨРЕТІН АЗАМАТТАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ «BOOK FM» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «JAMBYL» РАДИОСЫНДА

«Кітап оқудың адам өміріндегі маңызы» атты тақырыпта Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын- Қамбатыров Ербол Дәулетұлы мен сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында жастардың кітап оқуға деген құлшынысын қалай оятуға болады? Қазіргі таңда қандай жанрдағы кітаптарды көптеп шығару керек? Қандай әлемдік әдебиет шығармаларын оқуға кеңес бересіз? – сынды сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, қазақы қалжыңға да кезек берілді.
Айтыскер ақын классик жазушылардың туындыларын оқуға кеңес бере отырып, кітап оқымаған ұрпақтың болашағы бұлдыр, келешегі күңгірт деп қорытындылады. Толығырақ «JAMBYL» радиосы 100,8 FM толқынынан тыңдай аласыздар.