“ЖАН ДЕРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ” ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«KENES TIME» жобасы аясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Жамбыл облыстық оңалту орталығының тәжрибиелі психолог маманы Қарлығаш Дастанқызымен және аталған орталықтың медбикесі Мамыралиева Салтанат Серікқызымен «Жан дертінің алдын алу!» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында оқырмандар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, өздеріне қажетті кеңестер мен пайдалы ақпараттар алды. Зағип оқырмандарға тәжірибелі психолог маманы қызықты тренингтер жүргізу арқылы, жан дертінің алдын алуға шақырды.