ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ КІТАП КӨРМЕСІ ЖАСАҚТАЛДЫ
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Жамбыл облысының мемлекттік архиві» КММ мен бірлесе отырып Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен даңқты батыр, қолбасшы Бауыржан Момышыұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұлы Жеңіс Ізімен: жауынгер жазушы естеліктері» тақырыбындағы конференцияда «Ешкім де, ештеңе де ұмтылмайды» атты дыбысты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрме сөресі бес бөліммен қамтылып (Ұлы отан соғысы. Батыр баба -Бауыржан. Батырлар рухына тағзым! Соғыстың отты жылдары. Соғыс жайлы эсселер), 51 дана кітап және майданнан келген хаттардың көшірмесі қойылып, оқырмандар қызыға қарады. Сонымен қатар қызығушылық білдірген оқырмандарға 15 дана кітап қолға берілді.