«ЖЕЛТОҚСАН -ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫ»
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесе ұйымдастыруымен «Тифло-музей» жобасы аясында «Желтоқсан — тәуелсіздік рухы» көрмесі №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларымен өтті.
Іс-шараның мақсаты халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарын оқырмандарымызға қолымен ұстап сезінуге, ой өрісін дамытуға жол ашуға мүмкіндік алу. Музей экспозициясына еркін қол жеткізуге жағдай жасау.
Шара барысында зағип балаларға арнайы кітапханаға келіп түскен әдебиеттерден М.Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы», Табей, К «Мұзда жанған алау», «Қайсар рухты қазақ», «Желтоқсан батырлары», «Желтоқсан көтерілісі» том-1,2 , Төлепберген, Б. «Қасиетім-Желтоқсан!» ұсынылып, сонымен қатар, көрмеге фотоаппарат, құлақшын, пионер киімі, жейде, галстук, мойын орамал, дипломат, ұстара, альбом, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының фотосуреттері, Қ.Рысқұлбековтың төсбелгісі, желтоқсан оқиғасында құрбан болған желтоқсаншылар суреттері жасақталды.
Шара соңында оқушыларға музей экскурсоводы тарихи-танымдық көрмеге қойылған жәдігерлердің тарихымен таныстырып, қол ұшымен сипап, сезу арқылы ерекшеліктерін тереңірек танып білуге мүмкіндік берді.
