«ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАСТАР КӨЗІМЕН!» АТТЫ ЭКСПРЕСС КӨРМЕ ӨТТІ

🔷Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы зағип оқырмандарға «Сыбайлас – жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, дүниетанымдарын кеңейту мақсатында «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелеріне «Жемқорлыққа қарсы күрес жастар көзімен!» атты экспресс көрме өткізілді.

🔷Экспресс көрменің бірінші бөлімінде «Жемқорлыққа жол беру-ұрпақтың болашағына балта шабу» арнайы кітапхана басып шығарған брайль қаріпіндегі 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру туралы «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Программа противодействия Коррупции на 2015-2025 годы» сонымен қатар, «Жемқорлыққа жол жоқ!» екінші бөлімі бойынша кітапхана қорындағы жайпақ баспалы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексі, «Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі», Нұртан Төлепбергенұлы «Жемқордың жеткен жері», Е.К.Досмухамедов «Атамекен» атты кітаптары насихатталды. Көрме соңында оқырмандар өз алғыстарын білдіріп, өзара пікір алмасты.