«ЖОЛДА ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАЙЫҚ!»
«KENES TIME» жобасы аясында Жамбыл облыстық көзі көрмейтін жәнен әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Жамбыл облысы Тараз қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командир взводы полиция капитаны Ниязбеков Асхат Аймаханович және Тараз қаласы полиция батальонының Рота командирі Ибрагим Ержан Ғалымжанұлымен «Жолда жүру қауіпсіздігін сақтайық!» тақырыбында кітапхананың тұрақты оқырмандары және «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелерімен 2-ші рет кездесу отырысы ұйымдастырып, 1-ші кездесу отырысындағы қарастырылған мәселелердің нәтижесі талқыға алынды.
Кездесу барысында ақ таяқ ұстанған көру қабілеті нашар және зағип жаяу жүргінші жандарымыздың күнделікті жолда жүруіне тосқауыл немесе кедергі келтірмеу үшін әр бір жол бойында жүрген көлік жүргізушілеріне «Ақ таяқ» ұғымын түсіндіру мақсатында кітапхана аумағындағы аялдама тұсында үндеу жарияланды.