«ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ» ЖОБАСЫ ӨТТІ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мүмкіндігі шектеулі жастардың оқу орнындағы үйге берілген тапсырмаларын бірге орындау арқылы көмектесу,оқу бағдарламасына сай келетін оқулықтарды дауыстап оқу мақсатында «Үй тапсырмасы» жобасы өткізілді.
«Үй тапсырмасы» жобасының қатысушысы кітапханамыздың тұрақты оқырманы І топ көз мүгедегі Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық Жоғарғы колледжінің 4-курс білімгері Тұрымбек Айсұлу Берікқызы қатысты. Айсұлудың оқу орнындағы үйге берілген тапсырмасы бойынша органист, пианист, композитор, мұғалім, профессор Гедике Александр Федоровичтің өмірі,шығармашылығы жайлы ақпарат болатын.
Сабақ барысында Гедике Александр Федоровичтің өмірбаяны жайлы қысқаша мәлімет беріле отырып,ол музыканттар отбасында дүниеге келгені айтылып,оның фортепианоға арналған педагогикалық әдебиетке құнды үлес қосқаны және органист Гедикенің өнері айбындылығымен, жинақылығымен, ерекше екендігі туралы айтылды.
Сонымен қатар Гедике Александр Федоровичтің мақалалары мен естеліктер жинағы туралы таныстырылып композитор ретінде «Фортепианоның 30 оңай пьесасын» жазғаны туралы айтылып,көптеген шығармалары бар екендігі таныстырылды.
Сабақ соңында жалпы фортепиано пәнінен беретін Пан Анжелика Карловна, Айсұлуға Гедикенің «Сонатина» шығармасын пианино аспабы арқылы орындауды үйретті. Тұрымбек Айсұлу кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдіріп, пианист Гедике Александр Федорович жайлы көп ақпарат білгенін айтып алғысын білдірді.