TAŃǴY TIME

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директор орынбасары Г.Алтынбекова мен кітапханашы Е.Бегимов «Jambyl» телеарнасының «Tańǵy time» бағдарламасында қонақта болды.
Бағдарламада «Рухани қазына -2021» фестивалі жайлы айтылып, зағип кітапханалар арасында ең үздік қызметкер атанған Ербол Аққайұлы Бурабай жеріндегі алған әсерлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, мәдениет күніне орай облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының мәдениет саласының қызметкерлерін қабылдауында Г.Алтынбекова мен Е.Бегимовтың Алхыс хатпен марапатталғаны айтылып, кітапхананың жаңа жобалары мен жетістіктері сөз болды. Тележүргізушілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, таңғы тілектерін жеткізді.
Возможно, это изображение (один или несколько человек, люди сидят, люди стоят и в помещении)