ЖУРНАЛИСТЕР НАУРЫЗ КӨЖЕДЕН ДӘМ ТАТТЫ

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлауды 10 наурыздан бастап қолға алды.

Бұл күні ұлттық киген кітапхана қызметкерлері «Шуақ күнін» атап өту мақсатында қуанышты қауышуды таңертең Қазақ Соқырлар қоғамынан бастады «Алас күнінде» ауланы,арықтардытүрлі қоқыстан арылтып, көшедегі тал-дарақтарды әктеп, майды ретке келтірді.

«Жайнау» күнінде мекеме іші безендіріліп, гүл өсетін алаңқайдың топырақтары ауыстырылып, орнына жаңасы отырғызылды.

«Шаттық» күнінде кітапхана қызметкерлері ұлттық киімде киініп, ән шырқап, өлең оқып, көңіл сергітер іс-шаралар өткізді. Қазақ Соқырлар қоғамы ұжымна дәстүрге сай шашу шашылып, екі жақ қосыла ән шырқады. Атаулы күннің нақышы айшықталған шарада ойын ұйымдастыруға да мүмкіндік берілді.

Ал «Береке», «Тағзым» күндерін ерекше ықылыспен қарсы алған ұжым мерекелік дастарқан жайып, кітапхана оқырмандары мен қала тұрғынарына ыстық бауырсақпен шай берді. Қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, Тараз қаласынадағы Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығы балаларына базарлық ұсынылды. Бұддан кейін «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты балалар үшін алынған базарлық «Болашақ» мектеп-интернатының зағип оқушыларына үлестірілді. Олар үшін арнайы дастарқана жайылып, балалар түрлі тәттіден ауыз тиді.

18 наурыз күні аталған кітапханада облыс әкімдігі мәдениет, архаивтер және құжаттама бағдарламасына қарасты бірқатар мекеме қызметкерлері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Әз-Наурыз — жаңару мен жаңғырудың бастауы» атты этно-думан кеш өтті. Іс-шарада түрлі ойындар мен концерттік бағдарлама көрсетіліп, келген қонақтар наурыз көжеден ауыз тиді. Кітапхана қызметкерлерінің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы ою-өрнек салынған қол сөмкелер таратылды. Сонымен қатар «Ташкент» асханасында каратиндік талаптарды сақтай отырып, 80-ге тарта зағип оқырманғы наурывз көже ұсынылды.

«Arai» ақпарат Журналистер наурыз көжеден дәм татты

[Текст] // Арай — 2021 — 19 март. №14 — 3 стр.