«Болашаққа қадам: жасанды интеллект және цифрлы экономика жағдайындағы кітапхана»

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының қызметкерлері Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Мойынқұм аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 2025 жылы 21 қарашада болған «Болашаққа қадам: жасанды интеллект және цифрлы экономика жағдайындағы кітапхана» тақырыбындағы облыстық форсайт сессиясына қатысты.

🔷Аталған сессия кітапханалардың цифрлы дәуірдегі даму келешегін айқындау және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, олардың қызметін инновациялық бағытта жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.