Исраил Сапарбай «Әлем, әйел және мен»

Ақынның басты кредосы — өзі таңдап, өзі қалыптастырған таза да тағдырды табиғатынан айнымау. Әрине, ол — баршамызға етене таныс жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін нәзік те көркем лирикалық назым, нақыштар. Оған эмоциялық көңіл-күймен қоса ішкі серпін, өршіл мінезді қосыңыз…Қысқасы, жаңа да жақсы жинақ өмірге келгелі тұр. Ақынның ізгі өрісі мен күзгі жемісінен дәм татуға жазсын бәрімізді!..