А. Фабер, Э. Мазлиш Тыңдату үшін балаға не деу керек

Баламен қарым-қатынас оны тыңдата алуға да, сөйлете білуге де тікелей қатысты. Баланың ересекті тыңдауы – ата-ананың немесе тәрбиешінің, мұғалімнің балаға деген қатынаса білу шеберлігінің көрсеткіші.

Балалардың өз бетімен айналысатын «шаруасы да», құралдары да көбейген заманда, онымен қалай қарым-қатынас орнату керек? Баланы қалайша тыңдатып, оны қайткенде дұрыс сөйлете аламыз деген мәселе күннен күнге өзекті тақырып бола түсуде.