Кен Кизи Көкектің ұясы

Жазушының жүрегінен шыққан және бүгінгі дейін мәнін жоғалтпаған әсерлі роман. Кітаптың басты кейіпкерлері алғашқы парақтан-ақ өздерінің әлеміне жетелей жөнеледі. Біресе олармен бірге қуанасыз, біресе олармен бірге уайымдайсыз. Өзіндік қолтаңбасы бар жазушы Кен Кизидің туындысы оқырманын толғандырмай қоймайды. «Көкектің ұясы» — қорқыныш пен ессіздік жағдайында да адамдық қалпыңды сақтап қалуға, шындық пен қиял біте қайнасып кеткен кезде де өзіңді жоғалтып алмай, құлшыныспен өмір сүруге болатынын көрсететін роман. Сондай-ақ «Мен кіммін?» деген ең маңызды сұраққа жауап беретін туынды.