Оралхан Бөкей Атау-кере

Оралхан Бөкей өр Алтайдың тамылжыған тұмса табиғатын, ерліктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарын, олардың қилы тағдырын өзінің үлкенді-кішілі шығармаларына өзек етті. Қандай әңгімесін қолыңызға алмасаңыз да, оның әр парағынан ауыл иісі, ауыл тұрмысы аңқып тұрады. Жазушының әңгімелері өмірді сүюге, табиғат әдемілігін көре білуге үйретеді. Әр шығармасының түбінде терең түйін, астарлы ой бұғып жататындықтан, оны бірден түсіну қиын. Алайда арманшыл, қиялшыл болғанымен, ойшыл, мұңшыл, жан дүниелері сағыныш пен ынтығуға, күрсініс пен өкінішке, шексіз ынтызарлық пен құпияға толы кейіпкерлері ә дегеннен қызықтырып әкетеді.