ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ КӨК ТАЙҒАҚ ЖОЛДАН САҚ БОЛАЙЫҚ

Бүгін Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Қауіпсіздікті сақтайық!» жобасы аясында «Көк тайғақ кезіндегі қауіпсіздік» атты сақтық шаралары бойынша Тараз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының аға офицері Келіс Данияр Жанатұлының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Зағип оқырмандар, «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелері қыс мезгілінде жолда жүру ережесімен және қыс мезгіліндегі жол белгілерімен танысты. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдаят түрлерін ажырату бойынша дәрісті тындап, қауіпсіздік шаралар бойынша мағлұмат алды.
Сақтық шара барысында «Көктайғақ» турасында әзірленген слайд, бейне баян көрсетіліп, «Мұздағы қауіпсіздік және өзін-өзі құтқару» жадынама парақшалары таратылды.